Ташкент облысында халықаралық велоспорттан жарыс өтеді

    Көлік 10 May 2023 1890

    «Велоспорттың шеоссе түрі бойынша “Оқтош-Чорбоғ Mountain“ халықаралық велоспорт жарысының өткізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 10-11-13-14 май күндері сағат 08:00 ден 17:00-ге дейін Ташкент облысының Бостандық және Жоғарышыршық аудандары арқылы өтетін автомобиль жолдары уақытша жабылады.

    Бұл туралы Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі хабарлады.

    Атап айтқанда, 10 май күні Бостандық ауданы аумағынан өтетін 4P10 Шарбақ су қоймасы айналма жолының 80-70 шақырымы (Шарбақ су қоймасы көпірі) аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

    11 май күні төмендегі көшелер толығымен жабылады:

    Бостандық ауданына апаратын 4P12 Бектемір-Шарбақ қорғаны тас жолының 54-ші шақырымынан (Ғазалкент қаласына кіреберіс) 75- шақырымға («Бочка» тамақтану орындары) дейінгі жол;

    4Р6 - Ташкент қаласы-Шыршық қаласы-Шымған тас жолының 52-шақырымынан (Ғазалкент футбол алаңы) 56-шақырым (Главасой ауылына шығу орны) аралықтары;

    4Р10 «Шарбақ су қоймасының айналма жолы» автожолының 80-82 шақырымдық аралықтары (Шарбақ су қоймасы көпірі және «ескі бочка» аралықтары).

    13 майда Бостандық ауданына апаратын 4P12 Бектемір-Шарбақ қорғаны автомобиль жолының 34- шақырымнан (Шыршық қаласына кіре беріс көпірі) 54- шақырымға (Ғазалкент қаласына кіреберіс) дейінгі аралық жабылады.

    14 май күні төмендегі жолдарда көлік қозғалысы толығымен шектеледі:

    Бостандық ауданына апаратын 4P12 Бектемир-Шарбақ қорғаны тас жолының 17- шақырымынан (Жаңа Өзбекстан саябағының айналасы) 75- шақырымға дейін («Бочка» тамақтану орындары) болған жол

    4P6 Ташкент қаласы-Шыршық қаласы-Шымған тас жолының 56-шақырымынан (Главасой ауылына шығу орны) 72- шақырымына (Амирсой демалыс орны) дейінгі жол аралықтары

    4P10 Чорбоғ су қоймасының айналма жолының 80-82 шақырым аралықтары (Шарбақ су қоймасы көпірі мен «ескі бочка» аралықтары) да.