Ташкент облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды

    Ел назарында 13 Oktabr 2022 1822

    Үстіміздегі жылдың 12 октябрінде Ташкент облысы әкімдігінің ғимаратында (Нурафшон қаласы) Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың басшылығымен аумақты экономикалық және әлеуметтік дамыту сондай-ақ инвестициялар мен экспорт бағыттарындағы қызметті талдауға арналған жиналыс өтті.

    Оған Ташкент облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, олардың инвестиция және сыртқы сауда мәселелері жөніндегі орынбасарлары қатысты.

    Аумақтық инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және үстіміздегі жылдың барысында пайдалануға берілетін ірі өнеркәсіптік жобалардың ағымдағы жағдайы талқыланды. Атап айтқанда, 300-ге жуық жаңа жұмыс орын ашқан Паркент ауданындағы «Зума Фарма» жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы лиофил мен шприц өндіру жобасы, сондай-ақ Ангрен қаласындағы 200-ден астам жаңа жұмыс орын ашқан «Angren Insulation» ЖШҚ- жылу изолация материалдарын өндіру жобасы, сондай-ақ 300- ге жуық маман жұмыс істеп жатқан Жаңажол ауданындағы «Dynamic textile» ЖШҚ-ның тоқымашылық және трикотаж өнімдерін өндіретін кәсіпорнында толық өндірістік қуатқа шығу тенденциясы байқалды.

    Желілік бірлестіктері мен жергілікті билік органдарының басшылары үстіміздегі жылдың соңына дейін 500 жобаны дер кезінде және сапалы жүзеге асыру сондай-ақ 17,6 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу бойынша атқарылған істер туралы толық есеп берді.

    Экспорт көлемін өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 32 пайызға асып, 1 миллиард долларға дейін ұлғайту, сондай-ақ 416 миллион доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвестициялар мен несиелерді игеруді қамтамасыз ету бойынша қабылданған іс-шаралар жеке тәртіпте талқыланды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Жиналыс соңында жауапты басшыларға тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына қатысты қосымша тапсырмалар берілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates