Ташкент облысының Паркент ауданынан қалаға қатынайтын автобус жолға қойылды

    Аумақтың бірнеше жерінде ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған автобус бағыттары қайта іске қосылды.

    15 апрель күні таңертең Ташкент облысының Паркент ауданы, «Красногорск-Қызылтау» қалашығының тұрғындарына қолайлы әрі сапалы көлік қызметін көрсету үшін бірқатар бағыттар бойынша автобус қатынауы жолға қойылды.

    Атап айтқанда, көп жылдар бойы тоқтап тұрған «Красногорск – Соқақ – Чанги – Паркент», «Красногорск – Жаңабазар – Ташкент» және «Красногорск – Жаңабазар – Нұрафшан» қаласынан қатынайтын автобус бағыттарының қызметі қайта жанданды.

    Транспорт министрлігінің Ташкент облысы Транспорт басқармасы тарапынан ВХ-405-санды «Қызылтау ауылы – Паркент АШБ» қала айналасы автобус бағыты 3 қатынау кестесімен ВХ-390-санды «Невич махалласы – Рахат – Қойлық 5-метро бекеті 5 (Қызылтау ауылы арқылы)» қала айналасы автобусы бағыты 7 қатынау кестесімен және ВХ-416-санды «Қызылтау ауылы - Нұрафшан АШБ» қала айналасы автобусы бағыты 1 қатынау кестесімен қойылды.

    Осы бағыттағы іс-шараларды жүргізу «Красногорск автосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелді. Қазіргі таңда жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкер әр бағытқа 4 көлік бөлген. Кейінірек жолаушылар ағынын ескере отырып, автобустар санын көбейту жоспарлануда.

    Осы бағыттардың іске қосылуының нәтижесінде қандастарымызға туризм ауылы болған Красногорск (Қызылтау) Ташкент қаласының Қойлық массивінен, Ташкент облысының әкімшілік орталығы Нұрафшан қаласынан және Паркент ауданынан тікелей автобустармен жетіп алу мүмкіндігі жасалады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates