“Ташкент-Хажикент-Ташкент” қалааралық электр пойыздары тоқтатылады!

    Көлік 10 May 2022 1711

    «Ташкент-Хожикент-Ташкент» бағытында қозғалатын қалааралық электр пойыздары уақытша тоқтатылады!

    2022 жылдың 10 май сағат 08:30-дан 11 май сағат 06:30-ға дейін “Тошкент МТУ” УК жол құру тарапынан “Ташкент-Хожикент” бағытында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2022 жылдың 10 майдан бастап «Ташкент-Хожикент-Ташкент» бағытында қозғалатын 6429, 6430, 6435, 6436, 6437, 6441 сондай-ақ 11 майдан осы бағытта қозғалатын 6442, 6440-санды қалааралық жолаушы пойыздары қатынауы тоқтатылады.

    11 май күні сағат 06:30-дан бастап осы қалааралық қозғалатын электрпойыздар өз қозғалыс кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі «O‘ztemiryo‘lyo‘lovchi» AҚ мәліметіне сүйеніп.

    Сондай-ақ хабар арқылы «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ басшылығы да қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрағаны айтылған.