Ташкентте «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» акциясы аясында шара өтті

    Ел назарында 1 Dekabr 2022 2221

    2022 жылғы 30 ноябрьде Ташкентте Олий Мажлис Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік жөніндегі комитеті, Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитет, БҰҰ-ның халықты зерттеу қоры «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» науқанына арналған іс-шара ұйымдастырылды.

    Шара «Қарапайым заттар» көрмесімен басталып, зорлық-зомбылыққа тап болған 16 әйелдің шынайы оқиғалары айтылды.

    Көрменің басты мақсаты – елдегі зорлық-зомбылық мәселесін ашып көрсету және әрбір азаматты гендерлік теңсіздікке қарсы белсенді әрекетке шақыру.

    Көрменің ашылу салтанатына Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік жөніндегі комитетінің төрайымы Малика Қадирханова, Премьер-министрдің орынбасары, Отбасы және әйелдер жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы Зулайхо Махкамова мен ЮНФПА-ның Өзбекстандағы өкілі Ю. Ю мырза қатысты.

    Көрмеден кейін қатысушыларға «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» Telegram арнасының авторлары дайындаған «Өмір оқиғалары» жинағының тұсауы кесілді.

    Сондай-ақ, шара аясында қонақтар назарына «Аспан қыздарының арманы» атты үш актілі спектакль көрсетілді. Ол үш түрлі жағдайда әйелдердің білімі мен әйелдердің өзін-өзі дамытуы туралы әңгімелерді үлгі етеді.

    Шара барысында мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері гендерлік зорлық-зомбылық пен теңсіздік мәселелерінің шешімін табу басты міндет екенін және оларды жою үшін бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

    Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық — теңдікке, дамуға және бейбітшілікке жетуге, сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуге кедергі болатын тосқауыл саналады. Өйткені, Тұрақты даму мақсаттарының негізгі қағидасы – ешкімнің көштен қалмауын қамтамасыз ету және бұған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоймайынша қол жеткізу мүмкін емес.

    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» акциясы ағымдағы жылдың 10 декабріне дейін жалғасады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates