Ташкентте «Әбу Әли ибн Синаның мұрасы: Шығыс және Батыс ғалымдарының көзқарасымен» атты халықаралық конференция өтті

    Мәдениет 22 Avgust 2022 1530

    Астанамызда Өзбекстандағы Ислам өркениетінің орталығы мен Әбу Әли ибн Сина қоғамдық қоры Ислам ынтымақтастығы ұйымының құзырындағы Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) бірлесіп «Әбу Әли ибн Сина мұрасы: Шығыс және Батыс ғалымдарының көзқарасымен» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

    Бұл халықаралық шараға Иран, Түркия, Египет, Германия, Үндістан, Израиль, Корея Республикасы, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикасының Жастар істері агенттігі мен «Миллий Тикланиш» партиясының, олардың аймақтық бөлімшелерінің өкілдері, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі және мамандандырылған медициналық орталықтарының өкілдері Әбу Әли ибн Синаның орта ғасырда ислам әлеміндегі медицина және оған қатысты ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтерді жинақтаған баяндамаларымен қатысты.

    Қатысушылар ұлы ғұлама Ибн Синаның әлемдік ғылым-білім тарихындағы ұлы ғалым ретінде медицина, табиғат, астрономия, математика, музыка, химия, ақылақ, әдебиет және тілтануға арналған әлемге танымал ғылыми мұрасын, Шығыс және Батыс елдері халықтарының ғылым-білімінің дамуына қосқан үлесіне тиісті ғылыми ой-пікірлерін, ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Халықаралық конференция онлайн және офлайн режимінде ұйымдастырылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates