Ташкентте БҰҰ-ның болашақ климаттық конференциясы – COP-28 тұсаукесері өтті

    Жасыл планета 21 Noyabr 2023 1235

    Ташкент қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша шеңберлі конвенциясы қатысушыларының 28-конференциясына (COP-28) арналған баспасөз конференциясы өтті.

    Шараны Біріккен Араб Әмірліктерінің Өзбекстан Республикасындағы елшілігі тарапынан Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі және Ұлттық БАҚ-ты қолдап-қуаттау және дамыту қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырылды.

    Шараға БАӘ-нің Өзбекстандағы елшілігінің Дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Мухаммад Ал Захери, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрінің халықаралық байланыстар бойынша кеңесшісі Суна Парк, Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап-қуаттау және дамыту қоғамдық қорының директоры Акромжон Фазилов, негізгі мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен блогерлер қатысты.

    Баспасөз конференцияны БАҚ өкілдері мен блогерлерге үстіміздегі жылдың 30 ноябрьден 12 декабрьге дейінгі аралықта БАӘ-де өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі бойынша конференциясын кеңінен қамту үшін COP-28-ді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

    «БАӘ үнемі климат бойынша әрекетке барлық елдерге қатысты болған жаһандық проблеманы шешуге іс жүзіндік үлес қосуға, сонымен қатар өз экономикасын диверсификациялау және Нет Зеро экономикасы арқылы болашақ ұрпақ үшін білім, дағдылар мен жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері ретінде қараған,— деді шарада сөз сөйлеген Мухаммед Ал Захери. —БАӘ 2016 жылы Париж келісіміне қол қойып, ратификацияланған, экономика көлемінде эмиссияларын азайту міндеттемесін алған және «Нет Зеро 2050» стратегиялық бастамасын жариялаған аумақтағы бірінші мемлекет саналады».

    Өз кезегінде, Суна Пак БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Өзбекстан Республикасы Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының «Орталық Азия жаһандық климаттық қауіп-қатерлер алдында: жалпы тыныштық жолында ынтымақтастық» резолюциясын қабылдау бастамасын алға тартуды ерекше екенін және Өзбекстанның жаһандық конференцияға қатысуы туралы айтты.

    «Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның деградациясы мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастық маңызды орын иелейді, өйткені Орталық Азия елдерін экологиялық проблемалар бірлестіреді. Сондықтан Өзбекстанның биылғы климаттық конференцияға қатысуы 5 елден тұратын жалғыз «1 аймақ – 1 дауыс» Орталық Азия павильоны аясында болмақ. Бұл шешім Орталық Азия елдерінің жаһандық климаттық платформалардағы деңгейі мен дауысын нығайту мақсатында қабылданды», —деді Суна Парк.

    Баспасөз конференциясы барысында Мухаммад Ал Захери БАӘ төрағалығымен БҰҰ-ның COP-28 климаттық саммитінің тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ, БАӘ-нің климаттың өзгеруіне қарсы күресу бойынша бастамалары, әрекеттері мен жетістіктері туралы айтты. Өз кезегінде, Суна Парк Өзбекстанның экология саласындағы жетістіктері, елдің жасыл даму бойынша тәжірибесі мен Өзбекстанның COP-28-ге қатысуына тоқталды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates