Ташкентте Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының филиалы ашылады

    Үстіміздегі жылдың 3 сентябрьде Өзбекстан мен Ресей арасындағы тауар айырбастау к-лемін арттыру жөніндегі Жұмысшы тобының екінші жиналысы өтті.

    Жиналыс Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрі Максим Решетниковтың тең төрағалығымен онлайн режимде өткізілді.

    Ресей Өзбекстанның дәстүрлі ірі сауда серіктесі саналады. Ағымдағы жылдың 7 айында сауда айырбастау көлемі 29,1 пайызға өсіп, 6,8 миллиард долларды құрады, осы кезеңде Ресей Федерациясына 175 тауар позициялары бойынша экспорт көлемінің өсуі байқалды. 11,3 миллион долларлық 64 жаңа тауарды экспорттау жолға қойылды.

    Келіссөздер барысында өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы тиісті басшылардың есептері тыңдалды. Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024-2030 жылдарға арналған өзара тауар айырбастау көлемін арттыру бойынша біріккен Іс-шаралар жоспары аясында келісілген жобалар мен келісімдерді жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді. Айта кету керек, бағдарлама екі ел басшылары белгілеп берген тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізу жөніндегі нақты мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.

    Кездесуге қатысушылар Ташкентте Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының филиалын ашу және Стратегиялық бастамалар сараптама орталығының қызметімен де танысты, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Келіссөздер соңында ынтымақтастықты нығайтуға және екі ел арасындағы сауданы дамытудың барлық бағыттары бойынша тиімді шараларды жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates