Бұл IUCN-нің Орталық Азиядағы бірінші офисі.
Ашылу салтанатына IUCN бас директоры Гретел Агилар, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Орталық Азия елдерінің экология министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәлімет үшін, БҰҰ-ның климаттық өзгерісі бойынша 28-конференциясы (COP28) аясында Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов Гретел Агилармен кездесу өткізді. Кездесуде ынтымақтастықты одан әрі нығайтумен қатар Ташкентте IUCN бас офисін ашу мәселесі де талқыланды.
Шарада Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Халықаралық Табиғатты қорғау Одағымен (IUCN) ынтымақтастығын кеңейткенін, аумақтық экологияны қорғау бойынша іс-әрекеттерді күшейткені айтылды. Сондай-ақ, IUCN-нің Өзбекстандағы офисінің ашылуы ұзақ және тиімді ынтымақтастықтың кепілі екені атап өтілді, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат үшін, Өзбекстан 2021 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағына мүше болған. IUCN әлемдегі ең көне жәнебеделді табиғатты қорғау ұйымы, үкімет пен азаматтық қоғам ұйымдарынан құралған. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие және дүние жүзіндегі 1400-ден астам мүше ұйым және 15 000-нан астам сарапшылардың тәжірибесінен, ресурстарынан және мүмкіндіктерінен пайдаланады.









