2022 жыл – «Адамның қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылына» арналған шара Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Көркем академиясымен бірге ұйымдастырылды.

Салтанатты шарада Премьер-Министрдің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимовтың құттықтауы оқылды.

 «Тоғызыншы Ташкент Халықаралық Биенналесі заманалық өнердің кескіндеме, мүсін, графика, инсталляция, видеоарт, фотоөнер сияқты барлық түрлерін көрсету, өнердің дамуына әсер ететін жаңа идеялар мен болашағы бар қағидаттарды қолдап-қуаттау мақсатында өткізілуде – дейді құттықтауда.  —Бұл реттегі шара да Өзбекстан мен тағы басқа елдердің суретшілерінің тиімді ынтымақтастығына да кең мүмкіндіктер туғызады».

Ашылу салтанатынан кейін Орталық көрме залында польшалық суретшілер көрмесі және британиялық  суретші Юнус Сафардиёр тарапынан жас суретшілерге шеберлік сабағы ұймдастырылды. Сонымен қатар, Ташкент фотосуреттер үйінде Өзбекстан және шетелдік фотографтардың көрмесінің ашылуы өтті.

Ақпарат үшін, бес күн бойы өнер сүйер қауым – АҚШ, Аргентина, Армения, Бангладеш, Беларусь, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Кувейт, Литва, Малайзия, Египет, Нидерланды, Әзербайжан, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Тунис, Филиппин, Франция, Қытай, Үндістан, Иран елдерінен 35 суретші мен жергілікті суретшілердің өнер туындыларын ұсынып, өзара байланыс пен ынтымақтастық орнатады.

Ташкент халықаралық Биенналесі бейнелеу өнері саласындағы мәдени алмасу, түрлі елдердің заманалық шығармашылық әлеуетімен танысу және заманалық өнердің өзекті мәселелерін талқылау үшін ашық кеңістік ретінде қызмет етеді. Биенналле көрмелерінде әлем және ұлттық өнер үлгілері көрсетіледі. Заманалық бейнелеу, концептуалдық өнердің  шетелдегі танымал көректілерімен шығармашылық тәжірибе алмасып, диалогтар ұйымдастырылады. Әлемнің ең беделді ғылыми мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

Ташкент халықаралық заманалық өнер Биенналесі 28 октябрьге дейін жалғасады, деп хабарлайды Туризм және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Ташкентте осымен тоғызыншы рет өткізіліп отырған шара халықты жақындастыруға, әлемнің бейнелеу өнері өкілдерінің арасындағы берік көпір, шығармашылық сұхбатқа, өнерде бай мұраға ие Өзбекстанның атын әлемге асқақтатуға қызмет етеді.