Шараны Орталық Азия халықаралық институты мен Қырғызстан Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық бастамалар институты ұйымдастырып отыр.
Конференцияға екі елдің жетекші аналитикалық орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары, министрліктер мен кеңселер, Ташкентте аккредтациядан өткен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады.
Конференция екіжақты, аймақтық және халықаралық дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ең маңызды мәселелері бойынша Өзбекстан мен Қырғызстанның жалпы жанасуларын әзірлеу және нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талдауға бағытталған.
Конференция барысында екі ел басшыларының соңғы кездесуінде қол қойылған Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы тарихи декларацияның мәні мен маңыздылығына қатысты мәселелер қаралады, деп хабарлайды «Дуне» АА.