Дүниежүзілік Даун синдромы күні 21 марттада тойланады. Күн мен айдың патологиялық басталуын рәмізді түрде көрсетеді:  март айы Даун синдромы  21 хромосоманың  (21 күн) трисомиясы екені (жылдың үшінші айы).

Ташкенттегі фестиваль  ұйымдастырушылары кең жұртшылық назарын Даун синдромы бар адамдардың мүмкіндіктерін, олардың қоғам өміріне басқалармен тепе-тең қатысу құқығына қарату мақсатында әлемдегі елдердегі «күн балалары» және олардың  ата-аналарын біртұтас кеңістікке бірігуге шешім қабылдады. Олар басқаларға ұқсамайды, бірақ әрқайсысының  әрине ашып берілуі, қолдап-қуатталуы  қажет болған үлкен әлеуетке ие.

Фестиваль бағдарламасынан «күн балалары», эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі, мода көрсетілімдері мен шеберлік сабақтары, идеялар, тәжірибе және білім алмасу орын алған. Қатысушылардың айтуынша, бұл іс-шара Даун синдромы бар баланы тәрбиелеп отырған жас ата-аналар үшін нағыз мереке және ынталандыру екенін айтты.

Мұндай шаралар Өзбекстанда инклюзивті қоғамды қалыптастыру, ерекше балалардың дамуына жағдай жасау және оларды  үлкен өмірде қолдап-қуаттау қажеттігін көрсетеді, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.