Оның айтуынша, бұл шешім Пәкістан басшылығының өтініші негізінде қабылданған. Атап айтқанда, Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Қарулы күштерінің қолбасшысы Асим Мунир Иранға қарсы әскери әрекеттерді уақытша тоқтата тұруды сұраған.

Трамп бұл мәлімдемесін Truth Social желісінде жариялап, бітім режимі Иран тарапы бірыңғай ұсыныс әзірлегенге дейін және келіссөздер аяқталғанша күшінде болатынын айтты.

Сонымен қатар, ол АҚШ армиясына Ормуз бұғазындағы блокаданы сақтап қалу және толық жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету жөнінде нұсқау бергенін атап өтті.

Қазіргі кезде Иранның Tasnim News Agency агенттігі ел делегациясының Исламабадта өтуі жоспарланған келіссөздердің келесі кезеңіне қатысудан бас тартқанын хабарлады.

Дереккөзге сүйенсек, бұл шешім Пәкістан арқылы АҚШ-қа жеткізілген.

Иран тарапы келіссөздерді «нәтижесіз» деп бағалап, Вашингтонның «шектен тыс талаптары» келісімге қол жеткізуге кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Axios порталының мәліметінше, АҚШ вице-президенті Ж.Д. Венстің Исламабадқа жоспарланған сапары да белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған. Бұл ақпарат кейін Ақ үй тарапынан расталды.