Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
Қаулыға сәйкес, 2024/2025 оқу жылынан бастап мемлекеттік жоғары оқу орындарында туризм және қонақ үй шаруашылығы салаларында кадрларды даялау жүйесі үш жылдық жоғары білім беру бағдарламалары негізінде жолға қойылады және оқу үдерісі «блок-модуль» жүйесі негізінде дуальды оқыту формасында ұйымдастырылады.
Мұнда, оқу үдерісінің теориялық және практикалық дайындығының үлесін:
1-кезеңде – 80 пайыз теориялық және 20 пайыз практикалық;
2-кезеңде – 50 пайыз теориялық және 50 пайыз практикалық;
3-кезеңде – 30 пайыз теориялық және 70 пайыз практикалық болуы көзделген.
2024 жылғы 1 августтан бастап туризм саласында кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарында заңды тұлға мәртебесіне ие болмаған практикалық базаларды (туроператор, турагент, гид-аудармашы, қонақ үй және туристік көлік қызметтерін көрсету нысандары) белгіленген тәртіпте ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ 2027 жылғы 1 январына дейін туризм саласында кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарының практикалық базаларында көрсетілген қызметтер үшін табыс салығы осы салық бойынша белгіленген салық ставкаларымен салыстырғанда 50%-ға төмендетілген мөлшерлеме бойынша төленетін болады.