баннер
7 Apr 2025
08:50

    Өзбекстан 2025 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы жерлер тізіміне енді

    «BBC Travel» жаһандық медиа-порталының мәліметі бойынша Өзбекстан 2025 жылы саяхаттау үшін ең жақсы 25 бағыттың тізіміне енді.

    Мақалада туризм Өзбекстанның қайталанбас салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын сақтау стратегиясының маңызды бөлігіне айналуда.

    Елде инфрақұрылым қарқынды дамып келеді: жаңа қонақ үйлер, жоғары жылдамдықтағы теміржол бағыттары, ішкі әуе рейстер және жаңартылған мәдени орындар саяхатшылар үшін қайталанбас мүмкіндіктерді жасауда.

    Осының барлығы экономикалық өсуді ынталандыруға және Өзбекстанның тарихи-мәдени мұрасының шексіз байлығын көрсететін туристерді тартуға көмектеседі.

    90-нан астам елдің, соның ішінде Ұлыбритания, Канада және Австралия азаматтары Өзбекстанға визасыз келе алады, бұл саяхатты айтарлықтай жеңілдетіп, туристер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

    Сонымен қатар, көрші елдермен шекарадан өту әлдеқайда жеңілдегені айтылған.

    « Өткен 2024 жылдың ноябрь айында Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын «Жібек жолы темқржол саяхаты» деп аталатын алғашқы халықаралық теміржол бағыты іске қосылды. Бұл қолайлы бағыт туристерге Ұлы Жібек жолымен жүруге және екі елдің сирек кездесетін тарихи және мәдени көрікті жерлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай саяхат тек ежелгі сауда мен мәдени алмасу ортасына ену ғана емес, сонымен қатар аймақтағы мәдени байланыстарды кеңейту және туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді», деп қорытындылады «ББC Травел».

    Айта кетейік, тізімге АҚШ, Канада, Жапония, Италия, Австралия, Марокко, Англия және т.б. мемлекеттер енген.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech