Өзбекстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулдығы мен Түркиядағы өзбек әйелдерінің құқықтарын қорғау мақсатында құрылған «Özbek Kadın Hakları Derneği» (Өзбек әйелдерінің құқықтарын қорғау ассоциациясы) арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулы А.Агзамходжаев пен ӨӘҚА басшысы Озода Исламова қол қойған Меморандум тараптардың жалғасып келе жатқан ынтымақтастықты жаңа құқықтық басқышқа көтеру негізінде өзбек қыз-келіншектерінің құқықтарын бірлесіп қорғауға, олардың кәсіби, құқықтық білімі мен іскерлік дағдыларын арттыруға, түрік және шет тілдерін үйрету арқылы түрік қоғамындағы мәртебесін көтеру жолында өзара ынтымақтастықта әрекет жасауды көздеген.

Бас консулдық пен аталмыш Ассациацияның ынтымақтастығы 2020 жылдың сентябрінен басталған, осы уақытқа дейін 30-дан астам қыз-келіншекке  көмек көрсетілген, деп хабарлайды «Дунё» АА.