Түрікменстанмен көлік саласындағы ынтымақтастық байланыстар жаңа басқышта дамиды

    Көлік 11 Avgust 2022 1568

    2022 жылғы 8-9 август күндері көлік мәселелері бойынша өзбек-түрікмен жұмысшы топтың кезектегі кездесуі өтті.

    Өзбекстан Республикасы Транспорт министрінің орынбасары А.Муминов пен «Түркмен автоулаглары» агенттігі төрағасының орынбасары В.Ходжанепесовтың қатысуымен өткен кездесуде екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту болашақтары талқыланды.

    Атап айтқанда, тараптар екі ел арасындағы автокөлік тасымалы үдерісін толық қалпына келтіруге, сондай-ақ жүк тасымалдау талаптарын жеңілдетуге мүдделі екенін атап өтті.

    Өзбекстан тарапы автомобиль транспортында халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын өзбекстандық жүргізушілерге Түркіменстанға кіру визасын беру талаптарын жеңілдету туралы ұсыныстар жасады.

    Тараптар теміржол және автомобиль көлігінде жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мақсатында көлік дәліздерін дамыту бағытында ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алысты.

    Өзбек тарапы “Туркманбоши” порты арқылы өтетін көлік дәліздерінің бүкіл аймақ үшін маңызды екенін және осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті. Тараптар транзиттік бағыттар бойынша жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту, жүк тасымалдауда транспорт көлемін азайту мақсатында шегірімдер ұсыну шараларын қарастыруға келісті.

    Кездесуде Өзбекстан тарапы елдеріміз арасындағы жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жұмысын жандандыруды ұсынды. Тараптар Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман көлік дәлізінің барлық қатысушыларымен Ашхабад келісімі аясындағы жұмысты жандандыруға келісті.

    Кездесу барысында тараптар халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға қатысты басқа да ісжүзіндік мәселелерді талқылады. Жиналыс соңында тиісті хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates