22 ноябрьде Жызақ қаласында белсенді жастар – Өзбекстан Жастар одағы, Жастар істері агенттігі, Жастар Парламенті өкілдері мен волонтерлер үшін U-Report платформасының, мүмкіндктерінің тұсаукесері өтті. Содан соң үш жоғары оқу орнының – Жызақ политехникалық институтының, Жызақ мемлекеттік педагогикалық институтының және Өзбекстан Ұлттық университетінің Жызақ филиалының студенттерімен кездесулер өтті.

Еліміздің 8 аймағынан жиналған  U-Report командасы 27 ноябрьге дейін, яғни бес күн бойы Жызақ облысында 28 тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр. Әрине, тұсаукесерлермен қатар түрлі викториналар да ұйымдастырылады.

Ескертеміз,  бүгінге дейін «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп U-Report жобасының тұсаукесерлерін Сырдария, Әндіжан, Бұхара және Наманган облыстарында өткізді және оған жалпы  40 мыңға жуық жас қамтылған. 
Ақпарат үшін айта кетейік, Өзбекстанда 3 жылдан бері U-Report платформасына 210 мыңнан астам жас мүше болған. 30-дан астам мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жастармен қарым-қатынас жасау үшін аталмыш платфомадан пайдаланады. Бүгінгі таңда 100-ден астам сауалнама жүргізіліп, жастардың пікірлері 10-нан астам оң өзгерістер мен қаулылар қабылдауға көмектесті. Еліміз бойынша жастар үшін 3000-нан астам тұсаукесер-кездесулер өткізілді.

U-Report үшін әрбір жас жігіт пен қыздың пікірі маңызды!

«Юксалш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.