Атап айтқанда, біріншісі – ағымдағы жылдың 11 январында Бұхара облысының Бұхара ауданында қуаттылығы 270 МВт-қа тең газ-поршеньді жылу электр станциясы;

Екіншісі – 14 январьда Ташкент облысының Қыбырай ауданында қуаттылығы 240 МВт-қа тең бу-газ қондырғысы;

Үшіншісі, 10 мартта Хорезм облысының Янгиариқ ауданында қуаттылығы 174 МВт-қа тең жаңа жылу электр станциясы іске қосылды.

Бұл 3 электр станциясы жылына 5 миллиард 600 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Құрылғылардың энергияны үнемдеу есебінен жылына 725 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді.

Үнемделген табиғи газ қосымша 2 миллиард 700 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіру қуатына ие.

Ақпарат үшін:  Март айының соңында Ташкент облысының Қыбырай ауданында қуаттылығы 230 МВт болатын кезектегі 4- жаңа жылу электр станциясы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.