Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек Ташкент, Жызақ, Сырдария облыстары мен Ферғана аңғары облыстарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Ертең ауа температурасы көтеріле бастайды ал жұмыс аптасының соңына қарай 35-39 градус шамасында, оңтүстікте 42 градусқа дейін ыстық болады. Бұл кезеңде жауын-шашын күтілмейді.
Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді, ал кей жерлерде шаң-тозаң күшеюі мүмкін.
Республиканың таулы аймақтарында 8-12 июль күндері кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
8-9 июль күндері Ташкент, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.
Астанамызда: бүгін аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады, жел 12-14 м/с күшеюі мүмкін. Ауа температурасы 33-35 градус шамасында болады.
9-12 июль күндері жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 35-38 градус болады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.