2021 жылдың 1 ноябрінен бастап «Uzbekistan Airports Handling» ЖШҚ еншілес кәсіпорны «Uzbekistan Airports» АҚ құрамында жұмысын бастайды. Оған Умид Хамраев басшылық етеді. Жаңа кәсіпорын жолаушыларды тіркеу, жеткізу және отырғызу, жүктерді өңдеу және жеткізу, жерде қызмет көрсету, бортқа азық-түлік тиеу, сондай-ақ әуежай терминалының қызметтері – ана мен бала бөлмесі, медициналық орталық және анықтама қызметтерін көрсететін болады.