«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларына рейстерді жолға қояды

    Көлік 13 Yanvar 2022 1257

    2022 жылдың 15 январынан бастап авиакомпания Ташкент-Алматы-Ташкент, Самарқант-Алматы-Самарқант, Нөкіс-Ақтөбе-Нөкіс, Үргеніш-Ақтау-Үргеніш, Нөкіс-Ақтау-Нөкіс бағыттары бойынша тұрақты авиарейстерді жолға қояды.

    Айта кетерлік жайт, Алматы халықаралық әуежайы халықаралық рейстерді 08.00-ден 21.00-ге дейін (Алматы уақыты бойынша) қабылдайды. Осыған байланысты Ташкент-Алматы-Ташкент бағыты бойынша HY-765/766 қатынау 16 январьдан жойылады, аталмыш ұшу жолаушылары 17 январь күні Ташкент-Алматы-Ташкент бағыты бойынша HY-763/764 авиақатынау арқылы мекенге жеткізіледі.

    Алматы және Ақтөбе, Ақтау қалаларында (2022 жылғы 7-13 январьға дейін) тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттің толық құнын сатып алған жеріне қайтаруға немесе кез келген басқа бос күнге тегін қайта брондау құқығына ие, деп хабарлайды Транспорт министрлігі Uzbekistan Airways мәліметіне сүйеніп.

    Сондай-ақ, Қазақстанға сапар шегуді жоспарлаған жолаушылар https://www.uzairways.com/en/covid-19-0 сілтемесі арқылы елге кіру ережелерімен танысу мүмкіндігін ескертеді.