Мақалада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың Қашқадария облысының Ғузар ауданына іссапары, ауданда салынған алып кәсіпорын – «Uzbekistan GTL»  компаниясының ашылу салтанатына қатысуы және салтанатты жиында сөйлеген сөзінің мазмұны кеңінен баяндалған.

Зауыт Өзбекстанда және жалпы облыстағы мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ең ірі кәсіпорын екені атап өтілді. «Кешенде жылына 3,6 миллиард текше метр табиғи газды өңдеп, құны 1 миллиард доллардан асатын 1,5 миллион тонна дайын сұйық өнім шығарады. Атап айтқанда, 307 мың тонна авиакеросин, 724 мың тонна дизельдік отын, 437 мың тонна нафта, 53 мың тонна сұйытылған газ өндіріледі, деп жазады үнді журналы. —Бұл өнімдер есебіне, жылына 500 миллион долларлық импорт орнын қаптайды, 200 миллион долларлық экспортты және 2 триллион доллар салық түсімін қамтиды.

Басылымда зауыттағы табиғи газ құны 3 есеге жоғары дайын өнімге айналдырылуына ерекше назар аударылған. «Атап айтқанда, авиакеросин өте таза және сапалы  болып, ол ең заманалық ұшақтарға арналғандықтан әрқашан жоғары сұранысқа ие. Зауытта өндірілетін дизельдік отын да кем дегенде Еуро-6 стандарттарына сай болады», - деп айтылады материалда.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметі бойынша, GTL өнімдерін өндіру 2030 жылға қарай екі есеге артады. Сондықтан қосымша құны жоғары басқа да өнім түрлерін шығару жоспарлануда. Атап айтқанда, зауыт негізінде алкил-бензол, бутен және гексен, синтетикалық майлар, малеин ангидрид, эмульсиялық қоспалар, катализаторлар сияқты өнімдерді шығару бойынша  құны 620 млн долларға тең 6 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда.

Мақалада Президент Шавкат Мирзияев өз баяндамасында бүгінде бүкіл әлем «жасыл» экономикаға өтіп жатқанын, сауда-саттықта осыған байланысты талаптар қойып отырғаны айтылған. «Мемлекет басшысының айтуынша, «Uzbekistan GTL»  өнімдері әлемдегі ең жоғары экологиялық талаптар мен стандарттарға толық жауап береді. Мұнда өндірілетін синтетикалық отын кәдімгі отынға қарағанда 40 пайызға аз қалдық пен зиянды газды аз шығарады. Осының есебінен жылына 13 мың 500 тонна зиянды газдардың ауаға таралуына жол берілмейді», - деп айтады дереккөз.

«Зауыт іске қосылғаннан кейін жалпы 1 мың 300 маман жалақысы жоғары тұрақты жұмысқа орналасады. — Мені қуантқаны, зауыт құрылысына атсалысқан мамандардың 80 пайызға жуығы өзіміздің жергілікті кадрлар, жаңаша жұмыс істеуге құштар жастар. Бұл жастар Жаңа Өзбекстанның жастары. Олар ұлттық өнеркәсібіміздің дамуына лайықты үлес қосып,  бұл жолда «алтын қорымызға» айналады, – деді Президент Шавкат Мирзияев», деп жазады «Diplomatist» журналы.

Басылымда, сондай-ақ оқушылар шара аясында тағы бір кәсіпорын  – «Шортан» газ-химия кешенінің өндірістік қуатын 3 есеге кеңейту жобасы құрылысына да старт берілгені туралы ақпаратпен таныса алады, деп хабарлайды «Дунё» AA.

«Осы екі жаңа кешен тек өз өнімдері арқылы ғана емес, сонымен қатар басқа өнеркәсіп салаларында да 100 миллион долларлық құрамдас бөліктер мен бөлшектердің нарығын қалыптастырады. Президент Шавкат Мирзияевтың сөзімен айтқанда, «Бұл жобалар Өзбекстанда жаңа индустриялық дәуір құру жолындағы алғашқы үлкен қадамдардың бірі», - деп жазады үнді журналы.