"Узcосмос" дала өрттердің алғашқы ғарыштық мониторингін ұсынады

    Жыл сайын көктем-жаз айларында дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін егістік алқаптарындағы сабан, сабақтар және басқа да органикалық қалдықтарды заңсыз өртеу оқиғалары орын алады. Осы экологиялық проблемамен күресу мақсатында «Узсосмос» агенттігі бірнеше жылдардан бері жасанды серік арқылы космикалық мониторингті жүргізуде.

    Атап өтілгендей, биылғы бақылаулардың алғашқы талдауына орай, июнь айы бойынша республика көлемінде 1 605,4 гектар жердің өртенуінің 213 жағдайы анықталған. Сұрхандария облысында 180 жағдай (1 324,8 га), Сырдария облысында 17 жағдай (135,2 га), Ташкент облысында 3 жағдай (58,2 га), Әндіжан облысында 3 жағдай (18,5 га), Ферғана облысында 4 жағдай (20,4 га) Жызақ облысы 2 жағдай (21,3 га), Бұхара облысында 4 жағдайды (27,0 гектар) құрайды

    Аталған жағдайлар бойынша жедел ақпараттар Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасына, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігіне және басқа да тиісті кеңселерге жіберілген.

    Дәнді дақылдардан тазартылған алқаптарды тез және арзан жолмен жою әрекеті Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 88-бабының 3-бөлігі бойынша базалық есептік мөлшердің 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Елеулі залал болған жағдайда бұл тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

    Елестетіп көріңізші, 1 гектар алқаптағы дәнді дақылдың сабағын өртеген кезде атмосфераға 500 грамм азот оксиді, 379 грамм күкіртсутек, 3 кг күл, 20 кг күйе және көмірқышқыл газы таралады. Бұл ауаны ластап қана қоймай, адам ағзасында туберкулез, қатерлі ісік ауруын туғызатындықтан қауіпті.

    Естеріңізге сала кетейік, «UzCosmos» агенттігі осы жағдайларды жасанды серіктің суреттері арқылы күн сайын бақылап отырады. Сақ болыңыз, еліміздің ең құнды байлығы болып табылатын ауылшаруашылық алқаптарына ешқандай зиян келтірмеңіз. Барлық үдерістер бақылауда.

    Осындай келеңсіз жағдайларға куә болған отандастарымыз Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің 1207 сенім телефонына хабарласа алады, делінген хабарда.