Жергілікті билік қайғылы оқиғаның мән-жайын жариялады.

Қазіргі уақытта 13 адам ауруханада жатыр, ал алты адам амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Жеті адам, соның ішінде 16 жастағы қыз қаза тапты.

Кафеде газ жарылысы мен өрт 26 ақпан күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, кемінде 20 адам жарақат алып, алты адам қаза тапқан.

Кафе бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы ғимаратта орналасқан. Газ-ауа қоспасының жарылысы болған, одан кейін өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 10-нан астам адамды құтқарып, сегіз газ баллонын сыртқа алып шықты, деп хабарлады regnum.ru.