Көрмеде әлемнің 25 елінен 140-тан астам компания өз өнімдерімен қатысуда: Беларусь, Бельгия, Болгария, Германия, Греция, Үндістан, Индонезия, Иран, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Литва, Нидерланды, БАӘ, Польша , Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Шри-Ланка және Өзбекстан. Оның 40-ы Түркия, 18-і Беларусь Республикасы, 13-і Германия компаниялары. Ресей Федерациясының компаниялары Мәскеу, Омск, Калининград, Пенза облыстары мен Алтай өлкесінің ұжымдық стендтерін ұсынған.
Жергілікті экспорттаушы компаниялар кондитерлік өнімдерді, кептірілген жемістерді, сусындарды, жеңіл тағамдар мен сүт өнімдерін, тамақ ингредиенттерін, хош иістендіргіштерді, қораптаушы және ет өңімдерін қайта даярлау қондырғыларын, тағы басқа да көптеген өнімдерді ұсынады, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
UzFood көрме аясында жыл сайын жеткізушілер мен сатып алушылар арасында кездесулер өткізу үшін мамандандырылған Ритейл орталығы платформасы ұйымдастырылады. Бұл тікелей келіссөздер жүргізуге, өз өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тамаша мүмкіндік.