Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аяқталды.
Мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын, рухани тазару мен кешірім, қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін Рамазан айы және Ораза айт мерекесіне орай, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің атына шет ел мемлекеттері мен үкімет басшыларынан, беделді халықаралық және аймақтық ұйымдар жетекшілерінен, танымал дін және қоғам қайраткерлерінен құттықтаулар келіп түсуде.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Алматыға жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды.