Венгрия, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен инвестициялық, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылғы 28 апрель бейнеконференцбайланыс түрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаковтың басшылығымен Өзбекстан мен Венгрия, Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен оны жеделдетудің іс-жүзіндік шаралары талқылаға арналған жиналыс өтті.

    Оған министрліктер, кеңселер, салалық бірлестіктері, коммерциялық банктер, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласының жергілікті атқарушы органдары басшылары, Өзбекстанның Венгрия, Қырғызстан және Тәжікстандағы дипломатиялық өкілеттіктерінің басшылары, сондай-ақ жоғарыдағы аты аталған елдердегі кәсіпкерлермен тікелей ынтымақтастық жасайтын іскер топтардың өкілдері қатысты.

    2021 жылы Венгриямен, Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен өткізілген жоғары деңгейдегі іс-шаралардың іс жүзіндік маңызы мен тиімділігі жоғары екені, соның нәтижесінде тиісті «Жол карталары» қабылданғаны атап өтілді. Жиын барысында қолданыстағы келісімдердің орындалу барысы жан-жақты қаралып, мәселелер сараланып, оларды шешу жолдары әзірленіп, тиісті тапсырмалар берілді.

    Атап айтқанда, аталған елдермен екіжақты келісімдерді түгендеу, проблемалық мәселелер бойынша жұмыс істеу үшін шетелдік серіктестермен қосымша келіссөздер жүргізу, сондай-ақ мақұлданған инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету және олардың бастамашыларына практикалық көмек көрсету міндеті қойылды.

    Салалық бірлестіктердің жетекшілері инвестициялық және сауда ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы есеп берілді. Жоғарыда аталған елдермен экономикалық қарым-қатынасты тереңдету мақсатында қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану жөнінде тапсырмалар берілді.

    Жиналыс соңында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне қысқа мерзімді жаңа болашағы жарқын инвестициялық жобалардың және сауда келісімдерінің тізімін ұсыну, сондай-ақ келісімдерге қол жеткізу үшін шетелдік серіктестермен келіссөздерді жандандыру тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates