Америкалық сарапшы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен ұйымдастырылған Ауғанстан бойынша Халықаралық конференцияның маңыздылығын жоғары бағалады.
Ташкент конференциясының өзекті және дер кезінде ұйымдастырылғаны, оның басты назары бүкіл ауған халқының, оның көршілері мен әлемдік қоғамдастықтың мүддесі жолында осы елдегі тыныштық, тұрақтылықты қамтамасыз ету және оны экономикасын қалпына келтіру мәселелері екені айтылды.
Конференция халықаралық қамуымдастық тарапынан Өзбекстан Республикасының жаңарған аймақтық сыртқы саясатының жетістіктерін мойындайтынын тағы бір мәрте растады. Өзбекстан дипломатиясының белсенділігі мен практикалық іс-әрекеттері арқасында соңғы жылдары аймақта мүлдем жаңа саяси орта қалыптасып, тауар- айырбастау көрсеткіштері артып, барлық деңгейдегі қарым-қатынастар кеңеюде, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланыстар нығая түсуде.
Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ-тың ғылыми-зерттеу институттары мен талдау мекемелері арасындағы өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша нақты ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.