Еуропа Одағының инвестиция, сауда, ғылым және білім, экология, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар үстіміздегі жылдың 6 июлінде парафирлеу (алғашқы қол қою) салтанаты өткен Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді (КСЫТБ) тез арада қол қою қажеттігі туралы келісімге келді.  Бұл жан-жақты құжат Өзбекстан-Еуропа қарым-қатынастарын сапалы жаңа кезеңге шығаруға қызмет ететіні атап өтілді.

Түрлі деңгейдегі және формаларда жоспарланған шаралар, сондай-ақ  2022 жылғы 17-18 ноябрь күндері Самарқант қаласында өтетін «Еуропа Одағы – Орталық Азия» форматындағы министрлер жиналысы мен Тұрақты даму үшін  «Жаһандық қақпа» тақырыбындағы өзара байланыстылық бойынша халықаралық конференцияның ұйымдастырушылық жақтары талқыланды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. 2022 жылдың январь-сентябрь айларында Еуропа Одағы елдерімен өзара сауда көлемі 3,13 миллиард долларды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскені байқалды. Экономикалық дипломатияны жандандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Келіссөздер барысында аймақтық және халықаралық саясаттың кейбір мәселелері де қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.