Норов Елшінің сенім грамотасын қабылдап, оны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі.

Тараптар соңғы жылдары дамудың сапалы жаңа кезеңіне көтерілген, практикалық мазмұнмен байытылған Өзбекстан-Испания ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Саяси диалогты жандандырудың, түрлі деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, халықаралық институттар аясындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың, Ауғанстан мәселесі бойынша кеңесулерді жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Маркос Гомес Мартинес Испания Өзбекстанды аймақтағы негізгі мемлекет ретінде танитынын және елде жүзеге асырылып жатқан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және мемлекеттің әлемдегі беделін арттыруға қызмет ететін жүйелі реформаларды толығымен қолдайтынын атап өтті.

Экономикалық дипломатияны жеделдету болашағына ерекше назар аударылды. Испания тарапының Өзбекстанмен көлік, ауыл шаруашылығы, банк ісі, тоқымашылық және мұнай-газ өнеркәсібі, қайта тіктелетін энергия көздері және туризм салаларында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екені атап өтілді.

Елші  Испан компаниялары үшін Өзбекстан үлкен мүмкіндіктерге ие болашағы зор базар екенін айтты. Елді және оның іскерлік ортасын егжей-тегжейлі зерделеу үшін Испания кәсіпкерлік субъектілері делегациясының Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Білім саласындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін жеткілікті әлеует бар екені айтылды. Атап айтқанда, Өзбекстанда Испания университеттерінің филиалдары мен кәсіп- өнерге оқу орталықтарын ашу, испандық мамандар мен оқытушыларды елімізге тарту мәселелері талқыланды.

***

Сол күні Сыртқы істер министрлігінде Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматилла Иргашев пен Испания Елшісі Маркос Гомес Мартинез арасындағы кездесуі өтті.

Сұхбат барысында тараптар Ауғанстандағы барлық жағдайды және осы елге көмек көрсету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.