Сұхбат барысында Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
Тараптардың конструктивті өзара тиімді саяси диалогы, экономикалық дипломатия мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды одан әрі жандандыруды жақтайтыны атап өтілді.
Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдерді толық жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар әлемдік және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
БҰҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Алдағы шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұнды жақтары, сондай-ақ, 2022 жылғы 28-29 июль күндері Ташкент қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің жиналысына қатысты мәселелер талқыланды.
Ресей тарапына Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың барысы және оның үстем бағыттары жөнінде мәліметтер берілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.