Ж.Чарлз Жаңа Өзбекстанда сөз еркіндігін қамтамасыз ету мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап-қуаттау, мемлекеттік және басқаруда ашықтық пен жариялылық қағидаттарын  нығайту, қоғамдық бақылауды күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

Ақпарат-коммуникация саласындағы өзгерістер үдерісінде озық шетелдік тәжірибені, заманалық ІТ-технологияларды және талдау әдістерді зерделеу және енгізу бойынша ой-пікірлер алмасылды.

Өзбекстанда ішкі коммуникацияларды нығайту және елдің халықаралық беделін арттыру бойынша ұсыныстар қаралды.

Ж.Чарлз бұдан былай  тиісті салаларда Өзбекстан үкіметіне белсенді түрде көмек көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.