Халықаралық еңбек ұйымының еңбекақы төленетін демалыстар туралы Конвенциясын ратификациялау туралы Заңды сенаторлар мақұлдады

    Сенаттың елу тоғызыншы жалпы мәжілісінде «Халықаралық еңбек ұйымының еңбекақы төленетін демалыстар туралы 132-санды Конвенциясын (1970 ж. қайта қаралған) (Женева, 1970 ж. 24 июнь) ратификациялау туралы» Заң қаралды.

    Бұл туралы Олий Мажлис Сенаты хабарлады.

    Соңғы жылдары Өзбекстанның Халықаралық еңбек ұйымымен өзара ынтымақтастық байланыстары кеңейіп, сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілді.

    Конвенция еңбек қатынастарындағы қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты құқықтары, сонымен қатар демалыс пен еңбекақы төленетін демалыстардан пайдалану құқығын қамтамасыз ету шараларын күшейту сияқты мәселелерді көздейді.

    Конвенция барлық салаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге демалу және істеу қабілетін қайта тіктеу үшін жұмыс орнын (лауазымы) және орташа еңбекақысын сақтай отырып, әр жылы үшін берілетін демалыстарды қамтамасыз етуге негізін қалайды.

    Атап өтілгендей, осы күнге дейін бұл Конвенцияны 38 мемлекет ратификациялаған.

    Конвенцияның қабылдануы алда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасындағы Өзбекстанның оң имиджін одан әрі жақсартуға және халықаралық рейтингтер мен индекстердегі орнын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ барлық салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің демалу және ақылы төленетін демалыстарын пайдалану құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын іс жүзіне тиімді енгізуге қызмет етеді.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates