Халықаралық транспорт форумымен ынтымақтастықта қалалық қоғамдық көліктері кешенді дамытылады

    Көлік 14 Fevral 2023 897

    Бүгін Транспорт министрі Илхом Махкамов Халықаралық транспорт форумы (XКФ) ұйымының бас хатшысы Ёнг Те Киммен кездесті.

    Достық рухта өткен кездесуде өзара ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту мен кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Халықаралық транспорт форумы (ХТФ) көліктің барлық түрлерін қамтитын жалғыз үкіметаралық ұйым болып табылады және көлік саясаты мәселелері бойынша сараптама орталығы қызметін атқарады. Бүгінде ұйымға әлемнің 64 елі мүше.

    Ұйымның мақсаты – экономикалық өсу, экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік интеграция үдерістеріндегі көліктің рөлі мен маңызын кеңінен түсіндіруге көмектесу және көлік саясатының әлеуметтік маңыздылығын арттыруға ықпал ету. Осы мақсатта ұйым әлемдік ең озық тәжірибесімен алмасу платформасы ретінде жұмыс істеп, көлік саласында түрлі бағытта зерттеулер жүргізеді.

    Кездесуде Халықаралық транспорт форумы мен Транспорт министрлігі өзара ынтымақтрастықты жүзеге асырып жатқан «Ташкент қаласының жолаушылар көлігін декарбонизациялау бағыттары» жобасы талқыланды.

    Транспорт министрі И.Махкамов Халықаралық транспорт форумы тарапынан терең білім мен ең озық халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген ұсыныстар еліміздің қалаларындағы қоғамдық көлікті кешенді дамытуға және қаулылар қабылдауда үлкен мәнге ие екендігін баса айтты.

    Халықаралық транспорт форумы (XТФ) ұйымының бас хатшысы Енг Те Ким мырза елімізде көлік пен көлік коммуникациялары саласын дамыту, атап айтқанда, қоғамдық көлікті реформалау жөніндегі іс-әрекеттерді жоғары бағалап, осы үдерісте өзара ынтымақтастықтағы істер тиімді болатынына сенім білдірді.

    Өз кезегінде, Транспорт министрі И.Махкамов Халықаралық транспорт форумы (XTF) ұйымымен ынтымақтастық байланыстарды одан әрі дамыту бойынша істерді жеделдететінін хабарлады.

    Кездесу соңында тараптар талқыланған ынтымақтастық бағыттары аясында алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттерді белгілеп алды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates