Қытай компаниясы Өзбекстандағы қалалық және көлік инфрақұрылымын құруға қатысады

    Үстіміздегі жылдың 4 мартында Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде министрдің орынбасары Ойбек Хамраев пен China State Construction компаниясы директорының орынбасары Сян Шангмоу арасында кездесуі өтті.

    Ақпарат үшін: CSCEC Construction and Engineering Corporation 1982 жылы құрылған, әлемдегі ең ірі инвестициялық және құрылыс корпорациясы болып табылады және Қытай үкіметіне тікелей бағынады. 2021 жылы CSCEC келісімдерінің жалпы құны 450,5 миллиард долларға жетті. Компания Fortune журналының 2021 жылғы рейтингі бойынша әлемдегі ең ірі 500 компанияның арасында 13-ші орынға ие болды.

    Кездесуде Қытай компаниясының Өзбекстандағы қала және көлік инфрақұрылымы құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысу болашағы талқыланды.

    Қытай тарапы осы бағыттарда инновациялық әзірлемелер мен озық тәжірибені енгізе отырып, аталған бағыттардағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді. Өз кезегінде, Өзбекстан тарапы Қытай компаниясының еліміздегі инвестициялық бастамалары мен алдағы қызметін қолдап-қуатауға дайын екенін білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар біріккен жобаларды әзірлеу аясында ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.