Зілзала Қытайдың Тибет автономиялық облысындағы Нагчу қаласы округінде болды, деп хабарлайды “Синьхуа” ақпарат агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сүйеніп.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 11 адам ауыр жарақат алған.
Жер сілкінісінің салдарынан 339 отбасының үйі қираған. Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып, зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Ресми органдар келтірілген шығынның көлемін бағалап жатыр, деп хабарлады rbc.ru.
Қытай Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Ресми органдар 4-дәрежелі төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету тобын құрып, зардап шеккен аймаққа арнайы топ жіберген.
Қытайда төрт басқышты жедел шаралар жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде бірінші дәреже ең жоғары ауырлық дәрежесі болып саналады.
Маусым айында «Синьхуа» Қытайдың Сычуань облысында магнитудасы 5,5 жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді. Сол кезде 13 адам жарақат алған. Олардың барлығы жеңіл жарақат алып, ешкім қаза таппаған. Ресми органдар 196 адамды эвакуациялаған. Жер сілкінісі 21 үйге зақым келтіріп, жолдың бірнеше учаскесінде тастардың құлауына себеп болған.