ХҚИ-ның қаржыларды тартқан жобаларын іске асыру барысы қаралды

    Инвестициялар 27 Sentabr 2022 1375

    Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігі Азия даму банкімен (АДБ) және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Өзбекстанда халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобалардың іске асырылуын талдауға арналған кездесулер өткізді.

    Атап айтқанда, кездесуде банктің Өзбекстандағы қазіргі қоржынында абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту, халықтың ауызсуға қолжетімділігін кеңейту, денсаулық сақтау және басқа да салаларда жүзеге асырылып жатқан 3,3 миллиард долларды құрайтын 21 жоба бар екені айтылды. Жобаларды іске асыру барысы оларды іске асырудың әрбір кезеңінде желілік кестелерді орындау тұрғысынан қаралды.

    Дәл осындай сындарлы рухта Дүниежүзілік банк (ДБ) өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Тікелей кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік банктің қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан жобаларды саралады. Айта кету керек, банк Өзбекстанда ауыл және су шаруашылығы, көлік, энергетика, урбанизация, білім беру және денсаулық сақтау сияқты басым бағыттар бойынша құны 4,9 миллиард доллар болатын 28 жобаны қаржыландырып отыр.

    Кездесу барысында жобаны басқару үдерістерін, соның ішінде жабдықтар мен материалдарды сатып алуды жетілдіру, сондай-ақ министрліктер мен кеңселер қызметкерлерінің кәсіби дағдылары мен білімдерін одан әрі дамыту бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар ортаға салынды.

    Жиналыстар соңында тиісті «Жол карталары» бекітіліп, жобаларды жүзеге асырудың нақты мерзімдері, министрліктер мен кеңселердің жауапты басшылары белгіленді. Жауапты тұлғаларға қаржы институттары бөлген қаражаттың игерілуін және жобалардың уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates