Осы Ереже акционерлік қоғамдары мен жауапкершілігі шектелген қоғамдар басқару органдарының жиналыстарында қатыссушылар тарапынан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып қашықтықтан қатысу мен дауыс беру тәртібін белгілейді.

Ережеге сәйкес, қоғам қатысушыларына жолданған жиналысты өткізу туралы хабарламада қашықтықтан қатысу және дауыс беру тәртібі, сондай-ақ мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  • жиналысқа қашықтықтан қатысу және дауыс беру жүзеге асырылатын платформаның аты және оған қол жеткізу сілтемесі;
  • платформада идентификациядан өту үшін ұсынылатын ақпараттар;
  • платформаны пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық қызметкердің фамилиясы, аты, әкесінің аты және телефон нөмері.

Қатысушылар платформаның бейнеконференцбайланыс режимі арқылы жиналысқа қатысады.