Шарада 13 жоба авторларының ұсыныстары тыңдалып, әр жоба мамандардың қатысуымен жан-жақты талқыланды. Кеңес мүшелерінің пікірі негізінде бірқатар жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ІТ саласына қатысты стартап жобалар төмендегілер:

- «EDULIFE» жасанды интеллект технологиясына негізделген интербелсенді онлайн-академия;

«Speak With Me» саңырау және есітуде кемістігі бар  азаматтар үшін өз үстінде тәуелсіз істеу әлеуеті мен қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін жобасы;

- облыстың әрбір қаласы мен ауданындағы жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінің ақпараттық технологияларына маманданған, цифрлық және инновациялық  мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесін жасауға бағытталған «IT-ға мамандандырылған балабақша» жобасы;

Махаллаларда тұрғындармен жұмыс істеуді басқарудың біріктірілген  жүйесіне негізделген «E-aholi»  ақпараттық жүйе;

- Алғашқы медициналық жүйеде қолдану үшін зағиптікке әкелетін ауруларды ерте анықтау және даму қаупін болжау бойынша қызмет ететін электрондық бағдарлама жасау;

«GoTest» жобасы тіл үйренушілердің, талапкерлердің және түрлі салаларда өз білімін сынайтындардың білім деңгейі анықталады және дамытылады;

- ақпараттық-коммуникациялық және жасанды интеллект технологияларды кеңінен қолданатын «Махалланы басқаруға көмектесуші жүйе» жобалары.