Облыста машина жасау, қала құрылысы, химия, тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары, медицина, тамақ өнеркәсібі сияқты маңызды салаларда шетелдік инвесторлармен бірлесіп ондаған жобалар әзірленуде. Презентацияда жалпы құны 660 миллион доллардан асатын 18 жоба туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, электр жүк көліктері, аккумуляторларға арналған никель сульфат, сәулеттік терезелер, шыны ыдыстар, құрылыс материалдары, лак-бояу мен маталар шығару сияқты жобалардың өңір экономикасының дамуына зор үлесін қосып, мыңдаған жұмыс орнын ашумен маңызы зор. Қонақ үйлер, ауруханалар, ойын-сауық нысандары мен жолдар салу, экотуризм мен балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді.
Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар және олардың бастамашылары болып табылатын жергілікті кәсіпкерлермен сұхбат құрды. Жобалардың экономикалық тиімділігі жөнінде пікір алмасып, оларды жеделдетіп, кәсіпкерлерге қосымша жағдай жасау жөнінде жауаптыларға тапсырмалар берді.