баннер
17 Mar 2025
03:21

    Шетелдік фармацевтикалық компаниялар Хорезмде дәрі-дәрмек шығаруды қолға алмақшы

    Хорезм облысының әкімі Фарход Эрманов Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ірі фармацевтикалық компанияларының өкілдерін қабылдады.

    Хорезм облысының әкімі Фарход Эрманов «ИнтерЛек» компаниясының ТМД елдері бойынша кеңесшісі Виктор Степанович Шеин басшылығындағы Ресей және Беларусь Республикасының фармацевтикалық компаниялары өкілдерінен құралған делегация мүшелерін қабылдады.

    Делегация құрамында «Белфармпром» холдингі, «Минскинтеркапс», «Экзон» компаниялары, «Белгоспроект институты» ЖШҚ және тағы басқа фармацефтикалық өнімдерді өндіретін ірі кәсіпорындардың өкілдері бар. Айта кету керек, бұл компанияларда шығарылатын дәрілер ТМД елдеріне, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдеріне экспортталады.

    Сұхбат кезінде Үргеніш қаласында инфузион ерітіндісі, ампула, капсула және таблеткалар өндірісін іске қосуға байланысты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Хорезм облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech