Инновациялық апталықты ұйымдастырудағы мақсат – еліміздегі әйелдердің инновациялық идеяларын, жобаларын және қолданбаларын жан-жақты қолдап-қуаттау, оларды кәсіпкерлік және өнертапқыштық қызметке жұмылдыру, интеллектуалдық меншік нысандарды құқықтық тұрғыдан қорғауға көмектесу, экономиканың түрлі салаларында еңбек етіп жүрген әйелдердің қызметіне инновациялық жанасуды енгізу.
INNOWOMENWEEK – Әйелдердің инновациялық апталығы аясында ғалым-өнертапқыш әйелдердің инновациялық идеялары, жобалары мен қолданбаларының көрмелері ұйымдастырылды.
Университеттің ғалымдары мен профессорлары, өнертапқыштар мен студент қыз-келіншектер қатысқан конференцияда ғалым және өнертапқыш әйелдер қатары кеңейіп жатқаны, олардың заманалық ақпарат-коммуникациялық технологияларға негізделген бағдарламалық қолданбалары, инновациялық идеялары, өнертапқыш және рационализаторлық қызметі білім және ғылым саласына салмақты үлес қосып жүрген еліміздегі әйелдерге беріліп жатқан жоғары назар, жасалған жағдай, кең мүмкіндіктің жемісі екені айтылды.
Дилфуза Жарбекова,
Сырдария облысы
Отбасы және әйел-қыздар басқармасының баспасөз қызметінің басшысы.