Әйелдер мен балалардың құқықтарын бұзғандығы үшін жаза күшейтіледі

    Ел назарында 15 Iyun 2022 2881

    Үстіміздегі жылдың 15 июнінде Сенатта Әйелдер мен балалардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін сенімді қорғауға бағытталған заңдылықты жетілдіру мәселелері туралы құрылған Жұмысшы топтың кезектегі жиналысы өтті.

    Жиналысқа Сенат мүшелері, Министрлер Кабинеті, сот және құқықты қорғау органдары, мүдделі министрліктер мен кеңселер, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Шара барысында Жұмысшы топтың мүшелері өткен жиналыста белгіленген міндеттер аясында жүзеге асырылған істер, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің себептерін, олардың алдын алу бойынша заңдылықты жетілдіруге, сондай-ақ жазалау шараларын күшейту бойынша ұсыныстар мен тағы басқа да мәселелерді талқылады.

    Жиналыс соңында Жұмысшы топ салаға қатысты заң құжаттарын жетілдіру бойынша заң жобасын даярлауға келісіп алды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates