Оған Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жанұя және әйелдер мемлекеттік комитеті, Еуропа тіктелу және даму банкі,  Өзбекстан Республикасы Орталық банк құрамдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық бас басқармаларының басшылары, Орталық банктің қарамағындағы кәсіпорындардың жауаптылары мен басшылары, коммерциялық банктің гендер мәселелері бойынша Кеңестерінің төрағалары қатысты.

 Дөңгелек үстел сұхбатында бүгінде жаңаруға бет бұрған Өзбекстанда жүргізілген реформалар адам мүддесінің үстемдігін қамтамасыз етумен бірге  қоғамдағы әйелдердің беделін арттыруға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін үстем  құндылықтарының бірі ретінде қорғауға қаратылған.  Бұл ретте, әсіресе, әйелдердің саяси-әлеуметтік және экономикалық белсенділігін арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелелері комитетінің төрайымы М.Қодирханова сөз сөйлеп, соңғы жылдарда гендерлік теңдіктің заңдылық және институционалдық негіздерін нығайту жолында маңызды шаралар қолға алынғанын атап өтті.

Өткен кезең барысында әйелдердің құқықтары мен мүддесін қорғауға бағытталған заң құжаттары мен нормативтік құжаттар қабылданғанын айта кеткен жөн. 2021 жылда Өзбекстанда 2030 жылға дейін арналған Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Құжатта мемлекеттік органдардағы әйелдердің санын көбейтуді, гендерлік теңсіздікті азайтуды, білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуді, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қысымшылықпен күресуді көздейді.

Қоғам өмірінің барлық саласында, атап айтқанда, экономикада әйелдердің қатысуы қоғамның дамуына және оның тұрақтылығына қызмет етеді.

Орталық банк те өз қызметінде гендерлік инклюзивтікті  арттыруға да үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Орталық банкте, сондай-ақ барлық коммерциялық банктерде әйелдердің, ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі мәселелері бойынша мәслихаттық кеңестер құрылды. Банк жүйесі әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қаржылық қолдап-қуаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Еуропа тіктелу және даму банкімен ынтымақтастықта, 2021-2023 жылдарға арналған қаржы жүйесіне және кәсіпкерлікке гендерлік инклюзивтікті арттыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және Өзбекстанның банк саласында гендерлік инклюзивтікті күшейту бойынша біріккен жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

 Дөңгелек үстел сұхбат барысында еліміздің банк саласындағы әйелдерді жүйелі қолдап-қуаттауға қатысты шараларын жүзеге асыруда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде, тағы басқа да атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат берілді. Шараға қатысушылар БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.