Ташкент облысында Х.Сулаймонова атындағы Республикалық сот-сараптамалық орталығының аумақтық бөлімі құрылады

    «Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі құзырындағы Х. Сулайманова атындағы Республикалық сот сараптамасы орталығының қызметін одан әрі жетілдіру туралы» Үкіметтің қаулысы (849-санды, 18.12.2024 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, Х. Сулайманова атындағы Республикалық сот сараптамасы орталығының Ташкент облысы аумақтық бөлімі құрылады.

    2026 жылдың 1 июніне дейін Сот сараптамасы орталығының Ташкент облыстық бөлімін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мемлекеттік стандарты талаптарына жауап беретін ғимаратқа орналастыру және арнайы мебельмен, компьютерлермен, тағы басқа да қажетті техника және инвентарлар, сондай-ақ жоғары білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.

    Сот сараптама орталығында тұтыну өнімдері құрамында генетикалық модификацияланған ағзалардың (ГМО) болуын және ауыз судың құрамын анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізетін Тұтыну өнімдері мен ауызсу құрамын талдау зертханасы құрылады.

    Сот сараптама орталығының аймақтық бөлімдерінде төмендегі сараптама мен зерттеу түрлері кезең-кезеңімен енгізіледі:

    2025 жылдың 1 октябріне дейін «Сот сараптама орталығының» Науаи облысы бөлімінде, Материалдар, заттар мен бұйымдар криминалистикалық сараптамасы зертханасы және Сот-хаттану және құжаттардың сот-техникалық сараптамасы;

    2026 жылдың 1 ноябріне дейiн Сот сараптамасы орталығының Қарақалпақстан Республикасы бөлімінде Сот-фонография, сот-өрт техникасы және электротехникалық сараптамалар;

    2026 жылдың 1 декабріне дейін Қашқадария облысы бойынша Сот сараптама орталығының аумақтық бөлімінде Материалдар, заттар мен бұйым криминалистикалық сараптамасының зертханасы және және сот хаттану мен құжаттардың сот техникалық сараптамасы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates