Осы спорт жарыстарына жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың спорттық дайындығы бар спортшылары қатысады.

Жарыстардың  республикалық финалдық басқышы жыл сайын Олимпиада  қалашығында «Президенттік Олимпиадасы» ретінде өткізіледі.

Жарыстың республикалық басқышында іріктелген спортшылар төмендегі спорттық-білім ұйыдарына ұлттық құрама командаларға қор ретінде дайындау үшін жіберіледі:

1- және 2- орындарды жеңіп алған спортшылар – Республикалық олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне даярлау орталығына;

3-орынға ие болған спортшылар – аумақтық олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне дайындау орталықтарына.