26 Apr 2025
08:16

    Жаңа қаулы: 1 майдан бастап 201 кВт-сағаттан 500 кВт-қа дейінгі электр энергиясына 900 сумның орнына 800 сумнан төленеді

    Министрлер Кабинетінің «Жанылғы-энергетика ресурстарын тұтынушыларды қолдау мақсатында 2024-2025 жылдары жанылғы мен энергия ресурстары бағасын кезең-кезеңімен өзгерту графигіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 194-санды қаулысы қабылданды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген бұл қаулымен Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 16 апреліндегі 204-санды қаулысымен бекітілген 2024-2025 жылдары жанылғы-энергетикалық ресурстары бағаларының кезең-кезеңімен өзгеру грайфигіне халыққа қолайлылық туғызатын өзгерістер енгізілуде.

    Мәселен, жанылғы-энергетикалық ресурстарының бағаларының көтеру мерзімі 1 апрельден 1 майға ауыстырылды.

    Сонымен қатар, 201 кВт/сағ-тан 1000 кВт/сағ-қа дейінгі дифференцияланған тариф бойынша тұтыну мөлшері арасына жаңа мөлшер енгізілуде. Яғни, 2025 жылдың 1 майынан бастап тұрғын үй тұтынушылары 201 кВт/сағ-тан 500 кВт/сағ-қа дейінгі жаңа мөлшер аралығында әрбір киловатт-сағат үшін 800 сум төлейтін болады (осы уақытқа дейін 201 кВт/сағ-тан 1000 кВт/сағ-қа дейінгі бөлігіне 900 сум төленді).

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, осы қаулы бар тарифтерге тұрғындар үшін жеңілдік жасау мақсатында енгізілген өзгерістерді қамтиды.

    Айта кетейік, бір айда орташа есеппен 500 кВт/сағ мөлшерде электр энергиясын тұтынатын тұрғын үй өкілдері мұның үшін 2025 жылдың 1 майына дейін 360 мың сум төлейтін еді (200 кВт/сағ базалық нормаға 90 мың сум, 201 кВТ сағаттан 500 кВт сағаты үшін 270 мың сум). Тариф өзгерісінен кейін бір айда орташа 500 кВт сағат үшін ток жұмсайтын тұрғын үй мұның үшін 360 мың сум төлейді (200 кВт сағат базалық норма үшін 120 мың сум, 201кВт сағаттан 500 кВт сағат үшін 240 мың сум). Яғни олар үшін баға көтеріліп жатқаны жоқ.

    Сонымен қатар, қаулыда электр энергиясы мен көгілдір отын бағасының әр жылы 1 майдан бір реттік жылдық инфляция деңгейін негізге ала отырып, 10 пайыздан аспайтын сомада индексацияланатындығы көзделген.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech