Онда Чобахор порты арқылы өтетін «Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Үндістан» транспорт дәлізін дамыту мәселесі талқыланды.

Келіссөздер барысында болашақта 1 миллиард долларға жететін Өзбекстан мен Үндістан тауар айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа транспорт дәлізінің техникалық-экономикалық негізін дамыту туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл дәліз сондай-ақ  жақын болашақта 3,2 миллиард долларды құрайтын Орталық Азия елдері мен Үндістан елдері арасындағы өзара сауда қатынастары аясында өнімді жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды  Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.