Кешеннің ауданы 72 гектарды құрайды. Мұнда шамамен 1,3 триллион сумға сауда дүкендері, логистикалық және экспо орталықтар, қонақүйлер мен асханалар салынуда. Оларда барлығы 13 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның бірінші кезеңі биыл Наурыз мерекесі қарсаңында іске қосылмақ.

Осында  «Янгихайот» және «Сіргели» аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиында, өткен жылғы жұмыстар барысында «Янгихайот» ауданында 600 жоба жүзеге асырылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылғаны айтылды. 65 жобаның нәтижесінде «Сіргели» ауданында 2600 жұмыс орны ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, емханалар, спорт алаңдары салынды. Ішкі жолдар, инженерлік желілер жөнделді.

Биыл «Янгихайот» ауданында 3,8 триллион сумды құрайтын 26 жобаны жүзеге асырып, 26 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Жаңа қала» жобасы аясында 5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен көптеген әлеуметтік нысандар салынады. 430 мың адам баспанамен қамтамасыз етіледі.

Халық көп шоғырланған жерлерде үш балабақша мен қосымша екі мектеп салынады. Халық  пікірі негізінде, тұрғындар мәселесін шешуге 3,2 миллиард сум бөлінеді.

«Сіргели» ауданында 31 мың тұрақты жұмыс орнын құру үшін құны 6,4 триллион сумға 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Алютекс» кәсіпорнында алюминий профильдерін және «Резалит Строй Групп» кәсіпорнында электрокар бөлшектерін шығару жолға қойылмақ.

2 мектеп, 2 балабақша, отбасылық емхана салынады. Әлішер Науаи ауданында «Жаңа Өзбекстан» массивінің құрылысы басталады.

Жиында Ташкент қаласының аудандары әкімдері мен сектор басшылары сөз сөйледі. Әкім көмекшілерінің қатысуымен экономикалық, жастар көшбасшыларымен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстырды.